Байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі

Байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі

Байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі
ашық дереккөзі
50992
Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Мәжіліс алаңында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда байланыс операторлары үшін жауапкершілік күшейіп жатыр.
«Менің білуімше, байланыс операторлары шамамен 271 миллион теңге айыппұл төлеген. Біз тиісті заңнамаға өзгерістер енгіздік, байланыс сапасының параметрлерін бекіттік. Егер қандай да бір мәселе туындаса, біздің министрліктің байланыс комитетіне E-otinish жүйесі арқылы шағымдануға болады. Біздің аумақтық мамандар барынша көмектеседі. Егер сапа мәселелері бойынша бұзушылықтар болса, онда тиісті айыппұл салынады», - деді Әсет Тұрысов.
Сондай-ақ ол қандай оператормен қолданатынын және қолданыс аясында қандай проблемаларға тап болғанын айтты.
«Менде Activ бар. Негізінде менің қажеттіліктерім үшін қолайлы жұмыс істейді», - деп жауап берді Ә.Тұрысов.

Серіктес жаңалықтары