«Көктайғақ болады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Көктайғақ болады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Көктайғақ болады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
50288
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 27-29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің мәліметінше, 27-28 қазанда солтүстікте, шығыста жауын-шашын болады, сондай-ақ еліміздің шығыс бөлігінде де жауын-шашынды ауа райы (жаңбыр, қар) сақталады. Аптаның ортасында солтүстік-батыс антициклоны батыс облыстарға, одан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауысады, сәйкесінше, жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 28 қазаннан бастап еліміздің батысы циклон ойпатының ықпалында болады. Сондықтан елімізде жауын-шашынды ауа райы болады. 27-28 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен жауын-шашын жауады.  Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Ал республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ, тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары