«Қайрат» футбол клубы қала меншігіне өтуі мүмкін

«Қайрат» футбол клубы қала меншігіне өтуі мүмкін

«Қайрат» футбол клубы қала меншігіне өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
50474
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Клуб қазір жекеменшікте, шешімді күтіп отырмыз. Қала меншігіне өткеннен кейін барлық мәселені шешеміз. Қазір «Қайрат» жеке клуб. Ол бізге әлі берілген жоқ, берілісімен қала көмектеседі. Сот шешімі шықсын», – деді Алматы қаласының әкімі.
Осы мәселеге байланысты Prosports.kz тілшісі «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімовке хабарласты.
«Қайраттың» қала меншігіне өтетіні туралы бізде ешқандай ақпарат жоқ. Клуб әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Ешқандай мәселе жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен сұраған дұрыс шығар», – деді Есімов.

Серіктес жаңалықтары