Түркі халықтарының ислам мәдениетінің дамуына қосқан үлесі зерттеледі

Түркі халықтарының ислам мәдениетінің дамуына қосқан үлесі зерттеледі

Түркі халықтарының ислам мәдениетінің дамуына қосқан үлесі зерттеледі
ашық дереккөзі
50337
Бұл жайында Халықаралық Түркі академиясы ақпарат таратты деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан қаласында өтіп жатқан «Ескерткіштерді қорғайтын халық» атты халықаралық конференция аясында Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Фузули Мәжидли Халықаралық Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылыми-зерттеу орталығының (IRCICA) Бас директоры Махмуд Ерол Кылычпен кездесті. Кездесуде тараптар Түркі академиясы мен IRCICA арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, түрік әлемі мен ислам өркениетінің ортақ құндылықтарын зерттеу және насихаттау жөнінде пікір алмасты. Академия басшысының міндетін атқарушы түркі халықтарының ислам мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, Түркі академиясының осы бағыттағы зерттеу жұмыстарды жүргізуге дайын екенін айтты. Өз кезегінде профессор Махмуд Ерол Кылыч бұл бастамаға қолдау білдіріп, IRCICA кітапханасындағы сақталған қолжазбалар қорларын пайдалану мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары