50234
Талдықорғанда 40 мың теңге үшін ер адамның 15 қабырғасын сындырған
Талдықорғанда 40 мың теңге үшін ер адамның 15 қабырғасын сындырған
28 қазанда Талдықорғанда полицейлер борышкерін қатты соққыға жыққан ер адамды ұстады деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бір күн бұрын 46 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғасының сынуы және басқа да жарақаттары бар деген диагноз қойды.
Полицейлердің айтуынша, жәбірленушіні 40 000 теңгеге жуық қарызы бар танысы қатты соққыға жыққан.
Келесі кездесуде ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Күдікті қамауға алынды.