Елімізде бір аптада пәтер жалдау құны төмендеді

Елімізде бір аптада пәтер жалдау құны төмендеді

Елімізде бір аптада пәтер жалдау құны төмендеді
ашық дереккөзі
50411
20-27 қазан аралығында Қазақстанның 12 қаласында пәтер жалдау бағасы төмендеді деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бір аптада Ақтөбеде пәтерді жалдау айтарлықтай арзандады. Пәтерлер бағасы 8,5%-ға төмендеген. Ал Алматыда 4,76%-ға, Астанада 4,8%-ға және Оралда 7,2%-ға арзандай түсті. Шымкент және Өскеменде баға өзгерген жоқ, Таразда 2,4%-ға пәтер жалдау құны өскен. Бұл жолы бағалардың төмендеу динамикасы алдыңғы аптаға қарағанда нәтижелі. Алматыдағы жалдау бағасы салыстырмалы түрде төмендесе де, пәтер жалдау бағасы бәрінен жоғары. Мұнда 1 бөлмелі пәтерді жалдау бағасы орташа есеппен 270 мың, 2 бөлмелі пәтер 450 мыңға тең. Қымбатшылықтан екінші орында тұрған – Астана қаласы. Мұнда бір бөлмелі пәтерді 200 мыңға, екі бөлмелі пәтерді 300 мыңға жалдауға болады. Ақтөбе және Орал қалаларында бір бөлмелі пәтерді жалдауға 150 мың, екі бөлмелі пәтерге 180-195 мың теңге керек. Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласында, мұнда бір бөлмелі пәтерді 100 мыңға, екі бөлмелі пәтерді 160 мыңға жалдай аласыз. Сонымен қатар қыркүйектің басымен салыстырғанда ҚР-да жалдау мөлшерлемелері орта есеппен 26% - ға өсті. Ресейліктердің келуіне байланысты жалдау нарығында туындаған дүрбелең азая бастады. Алайда қыркүйек айының басымен салыстырғанда жалдамалы тұрғын үй бағасы әлі де жоғары. Жалдау мөлшерлемелері орта есеппен 26%-ға өскен.  

Серіктес жаңалықтары