Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды
ашық дереккөзі
50202
22-қазанда Түркияның Измир қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық студент табылды деп хабарлады turkystan.kz.

"НеХабар" Telegram каналының жазуынша, бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі хабарлаған. Рауанның жанында қазір анасы және елшіліктің адамдары бар. 

Рауан Дарханұлы қазанның 22-сі достарымен бірге клубқа барған соң жоғалып кетіп еді.

Оны іздеп табуға тырысқан топ Измир өңірінің губернаторлығы, полиция қызметкерлері, еріктілерден құралды.

Елшілік қызметкерлері жоғарыда аталған топпен бірігіп отандасымызды тапқан соң Измир, Алсанджак ауданында орналасқан полиция учаскесіне алып келді.

Рауан Дарханұлы аман-сау, барлығы жақсы.

Еске салсақ, студент Рауан Дарханұлының 22-қазан күні кешкі 20:00-де бірге оқитын достарымен «Горилла» клубына барған. Бәрі сыртқа шыққанда телефонымды ұмыттым деп ішке кірген жігітті содан бері ешкім көрмеген.

Серіктес жаңалықтары