«Каспий таязданып барады»: теңіздің келешегі алаңдатады

«Каспий таязданып барады»: теңіздің келешегі алаңдатады

«Каспий таязданып барады»: теңіздің келешегі алаңдатады
ашық дереккөзі
50569
Каспий теңізінің таяздануы қазақстандықтарды алаңдатуда деп хабарлады turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап. Бұл жолы ақтаулық фотографтың суреттері наразылыққа себеп болған. Ол бірнеше жыл бұрын айлақты суретке түсірген. Ол уақытта құрылғы судың үстінде болған. Ал қазір құрылғы құрғақ жерде тұрғаны көрінеді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, мұндай құбылыс 70-жылдары байқалған. Ал енді бірі Каспийге құятын өзендерде су тапшылығы себебінен, жағдай өте қауіпті болып бара жатыр дейді. Бұл фотосуреттер әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Фотосуреттердің авторы Иса Тәженбаев  кадрлар мұндай реакция тудырады деп күтпегенін айтады. Тек жерлестер ғана емес, барша қазақстандықтар мәселеге алаңдаулы дейді. Каспийдің тайыздануы - бұл жердің тұрғындарын көптен бері мазалайтын мәселе. Иса кейбір сарапшылардың циклдік таяздану туралы оптимистік болжамдарына сенбейтінін айтады.
“Мен судың келіп-кететініне сеніңкіремеймін, өйткені, былай қарасаңыз, бұл қазір тек Каспийдің проблемасы емес. Немесе Алматы облысында 10 жыл ішінде балық екі есеге азайды. Дәл осындай жағдай әлемнің кез келген жерінде болуы мүмкін. Мен сарапшы емеспін, бірақ Каспийдің таязданып жатқаны анық. Бұл –  факт”, – дейді фотограф Иса Тәженбаев.
Бірнеше айдың ішінде Каспий теңізінің екі, тіпті одан да көп метрге таязданғаны жай көзге де байқалады, дейді ақтаулықтар. Бұл ретте отандық экологтар, негізінен, ресейлік ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, регрессия мен трансгрессия, яғни 100 жылда бір рет келетін су толқыны туралы айтады. Дегенмен, кейбір еуропалық сарапшылардың пікірінше, теңіз 2054 жылға қарай таязданып кетеді дейді экологиялық белсенді Галина Чернова.
“Өйткені, теңіз деңгейі төмендеп, Бозашы түбегіне жетеді. Бұл уақытқа дейін Қара-Боғаз-Гол шығанағы құрғап қалады. Оңтүстік жағалаудың бір бөлігі, соның ішінде Түрікменстан мен Иранды қоса алғанда, теңіз бұдан былай ол жерде болмайды. Ол жерде де жағалау құрғайды”, – дейді Қазақстан ҰЕҰ Экофорумы үйлестіру кеңесінің мүшесі Галина Чернова.
Экологиялық апатты болдырмау үшін мамандар сөзден іске көшуді ұсынады. Мүмкіндігінше тезірек, егжей-тегжейлі және сапалы зерттеулер жүргізу керек. Мәселен, бір ғана Жайық өзенінен Каспийге келетін су 12-ден 4 мың текше шақырымға дейін азайғаны қазірдің өзінде белгілі болып отыр.

Серіктес жаңалықтары