30 қазанға арналған ауа райы болжамы

30 қазанға арналған ауа райы болжамы

30 қазанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
50356
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтілуде. Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ болады, қатты жел тұруы ықтимал. Астанада құбылмалы ауа райы сақталып, күн бұлтты болады. Күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды, ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, ал күндіз 2-4 градус жылы болады деп күтіледі. Алматыда күннің екінші бөлігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады. Шымкентте құбылмалы ауа райы сақталып, күн бұлтты болады. Таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары