Спорттық күресті дамыту қоры Президентке ашық хат жазды

Спорттық күресті дамыту қоры Президентке ашық хат жазды

Спорттық күресті дамыту қоры Президентке ашық хат жазды
ашық дереккөзі
50209
Спорттық күресті дамыту қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 3 жыл ішінде жеке қаражат есебінен балаларға арналған қайырымдылық жобасын жүзеге асырмақшы болған. Алайда жергілікті билік бөлінген жер учаскесін қайтарып алған деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы «Спорттық күресті дамыту қоры» қоғамдық қорының директоры Альфия Ищанова мәлімдеді. «Спорттық күресті дамыту қоры 2018 жылы демеуші тарапынан 100 миллион теңге қаражат тапқан. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігімен Балалар күрес клубы қорының қаражаты есебінен құрылыс үшін 1500 шаршы метр жерді жалға алу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қазір жобаны әкімдік ешқандай себепсіз жауып тастады. Ал Қор қажетті құрылыс материалдарының 80%-ын сатып алып қойған. Қордың Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерімен жүргізген жұмысы барысында 2019 жылы балалар спорт клубын салу үшін жер телімі табылды. 2019 жылы жер телімдерін беру жөніндегі комиссия Алматыда Балалар күрес мектебін салу үшін аталған учаскені бөлу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ 06.02.2020 жылы жер комиссиясының отырысында аталған жобаны Қор іске асыру үшін осы объект қайта айқындалды. Кейін әкімдіктің ұсынысы бойынша жер телімі «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға берілді. «Жыл басында Сіз ӘКК (Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы) арқылы жер телімдерін беру тәртібін белгілеуді тапсырдыңыз. Ал, сыбайлас жемқорлық схемаларына қарсы күрес аясында бізді алғашқылардың бірі болып құрбан етті», — деп жазды қор Мемлекет басышысына жолдаған хатында. Қор 27 тамызда Алматы ӘКК-ның қатысуымен «Спорттық күресті дамытудың балалар клубының құрылысы» жобасын іске асыру мүмкін емес екендігі туралы хабарлаған хат алған. Хатта жобаны іске асырудың мүмкін еместігінің нақты жағдайлары мен себептері көрсетілмейді, тек Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі инвестициялық болып табылмайтын жобалар бойынша жер телімдерін алуға өтінім беру тәжірибесін тоқтату және тиісті шарттар жасасу туралы хатына сілтеме жасалады. Қордың 2022 жылғы 7 қыркүйектегі Алматы қаласы бойынша БҚжДА-нің департаментіне сұрау салуы Алматы ӘКК-на қайта бағытталды. «Құрметті Президент, сіз балаларға арналған мектептер, спорттық нысандар құрылысына жеке қаражаттың қатысу қажеттілігі туралы жиі айтасыз. Біз әлі де балаларға арналған күрес клубының құрылысын қордың есебінен жалға берілген жерге қайырымдылық жобасын іске асыруға дайынбыз», - дейді Қор.

Серіктес жаңалықтары