12 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Алматыда ұсталды

12 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Алматыда ұсталды

12 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Алматыда ұсталды
ашық дереккөзі
50226
Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған әйелді ұстады деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстаған.
«54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде («Алаяқтық») көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген», - делінген полиция хабарламасында.
Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары