Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50356
15 жастағы атыраулық спортшы Болашақ Сүйекенов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатының алтын медаліне ие болды. Айта кетсек, Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында 29 қазаннан бері джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионатқа 65 елдің 1 500 спортшысы жиналған. Оның ішінде Қазақстанның құрамасы да бар.
«Біз шәкірттерімізді көп уақыт бойы дайындадық. Әлем чемпионатына қатысу үшін күш-жігер, үздіксіз жаттығу, қажырлы еңбек қажет. Қазақстан құрамасында сынға түскен атыраулық спортшы Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатында қарсыластарының бәрін ұтып, үмітімізді ақтады. Ол 38 келіде әлем чемпионы атанды. Оның жасы – 15-те. Әлі де ел намысын қорғайтын спортшыларымыз бар», - дейді бас жаттықтырушы Айбар Есенғалиев.
Қазір бұл додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастап тұр. Әлем чемпионаты 8 қарашаға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары