Түркістанда кір жуғыш ұнтақ жасайтын астыртын цех анықталды

Түркістанда кір жуғыш ұнтақ жасайтын астыртын цех анықталды

Түркістанда кір жуғыш ұнтақ жасайтын астыртын цех анықталды
ашық дереккөзі
50182
Түркістанда полицейлер жерасты цехын анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.  Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды. Цехтан 40 келі қаптарға оралған ұнтақ заттар табылған. Олардың қаптамасы ретінде «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш ұнтақтарының затбелгісі пайдаланылған. Нәтижесінде төрт ер азамат ұсталды: үшеуі Түркістан қаласының тұрғыны және бір Өзбекстан азаматы. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Серіктес жаңалықтары