Жастарға қатысты мәселелер назарымызда – Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы

Жастарға қатысты мәселелер назарымызда – Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы

Жастарға қатысты мәселелер назарымызда – Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы
ашық дереккөзі
51210
Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың баста­ма­лар және озық идея күтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінің де­легаттарына арнайы үндеу жолдап, аға буынның жастарға зор үміт ар­татынын жеткізген еді. Мемлекет басшысы жаңа заманның жақсы қа­сиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармау керек екенін тілге тиек еткен болатын. Әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді. Мемлекеттік мүдде бәрі­нен биік тұруы керек. Әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін те­рең сезінуі қажет. Туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз іс­тен көрінеді. Бүгінгі жастардың бойынан осындай қасиеттерді көре ала­мыз ба? Оларды қандай мәселе толғандырады? Осы сұрақтардың жауа­бын білу үшін «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төра­ғасы Нұржан Жетпісбаевқа хабарласқан едік. – «AMANAT» жастар қанатының кезек­тен тыс VI съезінде жастар қанатын трансфор­мациялаудың жаңа бағ­дар­ламасы қабылданып, Орталық кеңестің құра­мы мен жастар ұйымының атауы өз­гер­ді. Жұмысына жаңа қарқынмен кі­ріс­кен «Жастар Рухы» қандай бастама­лар­ды қолға алып жатыр? – «Жастар Рухы» Жастар қанаты транс­фор­мациялаудан толықтай өтті. Қабылданған жаңа бағдарлама аясында түрлі бағыт аясында жаңа жобалар іске қосылды. Барлық өңірді қам­титын жобалар жүзеге асырылып, өз же­мі­сін де беріп жатыр. Съезде Мемлекет бас­шы­сы атап өткен жастардың бойынан табылуы ке­рек 3 қасиетті негізге ала отырып, жастар­мен жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтсақ, отан­сүйгіштікке баулитын Qaisar әскери-пат­риоттық жобасы жасөспірімдер мен жастар ара­сында ашық диалогтық алаңды, тарихи вик­ториналар мен әскери-спорттық ойын­дарды қамтиды. Мұнда жастар Отанға деген сүйіспеншіліктен бөлек, ел тарихымен, әскери салада қызмет істеген, әлі де еңбек етіп жүрген ба­тырларымызбен сұхбаттасып, танымын кеңей­теді. Ал еңбекқорлық бағыты бойынша «Таза­Like» экологиялық жобасы еліміз бойынша жү­­зеге асып жатыр. ХХI ғасырда өскелең ұр­пақ­ты эко-белсенділікке баулыған жөн деп са­наймыз. Сенбі күндері жастар бос уақытын сен­біліктерге, ағаш отырғызуға және эко ше­берлік сыныптарына арнайды. Сондықта да «ТазаLike» уақытты тиімді пайдаланып, ең­бек­ке тәрбиелейтін жоба деп айта аламыз. Жастардың бойынан табылуы тиіс ең негізгі қасиет, құндылықтың бірі – бі­­­лімге деген ұмтылыс. Білімді жас трендтегі жас деп айтсақ та болады. «Өрлеу» жобасы жас­тарды білімге баулып қана қоймай, тә­жірибе жинақтап, оны іс жүзінде көрсетуге ба­ғытталған. 17 облыс пен 3 қаладан 1 000 мен­тор пулы жасақталып, үйренемін деген жас­тарға қолдау көрсетіп жатыр. Бұдан бөлек, жастармен ашық диалог ар­қылы тығыз байланыс орнату үшін Bir Tolqynda дискуссия алаңы, «Жастарға жұ­мыс» консалтинг орталықтары жұмыс істеп жа­тыр. – Партия төрағасы жастар қанатының ал­дында тұрған бірқатар маңызды мін­детті атаған болатын. Соның бірі – жас­тар проблемаларының аймақтық кар­та­сын енгізу. Осы орайда еліміздегі жастар ара­сында кездесетін қандай өзекті мә­се­лелерді атап өтер едіңіз? – Жастарға қатысты мәселелер әрқашан өзек­тілігін жоғалтпаған. Жиырма өңірде жиыр­ма түрлі мәселе кездеседі. Жастар ара­сын­дағы жұмыссыздық мәселесі назарда. Олар­ға берілетін баспана және студенттік жа­тақхана мәселесі де өзекті болып отыр. Әсіре­се, кейінгі жылдары NEET санатындағы жас­тар мен оқу орындарындағы жатақхана же­тіспеушілігі. Аймақтардың проблемалық кар­тасы осы атап өткендерді негізге ала оты­рып әзірленеді. Әр мәселені шешудің тиісінше өз жолы болады. Жастар қанаты бұл міндет­тер­ді нақты айқындап, алға қойған. Еліміздің әр аймағында көтеріліп жатқан мәселелер пар­тия жанындағы Жастарды қолдау жөнін­де­гі қоғамдық кеңесте қаралады. Жас депут­тат­тар корпусы мүшелері де орталықтан бө­лек, өңірлерде мәселе көтереді. Орталықтың на­­­­зарынан тыс қалатын мәселелерді ай­мақ­тарда жас депутаттар көзден таса қылмауға тырысады. Проблемалар картасындағы әрбір пункт тиісті заң органдарына жолданатын болады. – Жақында «Жастар Рухы» волон­тер­лері­не арналған фотокөрме өтті. Осы іс-ша­раның маңызы туралы айтып бер­сеңіз? – Бұл сурет көрмесінің мақсаты – бүгінгі күн­­­нің батырлары атанған волонтерлерді ха­лық арасында таныту, волонтерлікті жастар ара­сында дәріптеу, оларға көңіл бөлу. Та­қы­рыпты да «Рухты волонтер» деп алдық. 4 негізгі бө­лімнен тұратын көрмені елордамыздың ха­лық көп шоғырланатын жерінде орнал­ас­тыр­дық. Олар «Арыспен біргеміз», «Мақ­таарал­ға көмек», Biz Birgemiz және «Қостанайға кө­мек» деп аталды. Рухты волонтерлер қандай жағ­дай болмасын, халыққа көмектесу үшін әр­дайым алдыңғы қатардан табылады. Во­лон­терлер – өздерінен бұрын тұрғындардың қа­мын шын жүректен ойлайтын жандар. Кейінгі жыл­дары елімізде болған төтенше жағдай ке­зінде олар күні-түні демей тұрғындардың игі­лігі үшін жұмыс істеді. Арыста болған жа­рылыс, Мақтааралдағы су тасқыны, әлемді дүр­ліктірген коронавирус пандемиясы, Қос­танайдағы өрт. Осы жағдайларда гума­ни­тар­лық көмек жинап, оны халыққа үйлестірді. Кей уақыттарда құрылыс жұмыстарына да атса­лысты. Бұдан бөлек, қарттарға көмек, ба­ла­лармен уақытты тиімді өткізу, экологиялық бағыттағы түрлі жобаны атқарады. Ақысыз жұмыс істейтін волонтерлер үшін осы сурет көр­месі ерекше ыстық екенін айтып өткіміз ке­леді. Суреттерден өзінің достарын, та­­­ныс­тарын көріп, қуанып жатқандар бар. – Волонтерлер қатарына қосылғысы ке­летін жастар көп пе? – Волонтер болу бір кедерде жарысқа ай­нал­са, қазір шын жүрегімен, өз қалауымен қа­тарға қосылғысы келетіндер саны көбейіп жатыр. Басында біразы ақысыз жұмыс істеуден қаш­­са, қазір олар қуана-қуана көмекке келеді. Се­­бебі жастарымыз ерікті болудың маңызын те­­рең ұғынады. Жастардың бойында қалып­тас­­қан мейірімділік пен еңбекқорлықты іс жү­­зін­де көрсете алады. Қайырымды істерге дос­­тарын тартуға тырысады. Жастармен кез­де­сулерде волонтер, белсенді боламын деген жас­тардан ұсыныстар түсіп жатады. Одан бө­­лек, Жастар қанатының әлеуметтік желі­лері­не, аймақтық филиалдарға хабарласып, во­лонтер қатарына қосылғысы келетінін айт­қан жас­тары­мыз көп. «Болам деген бала­ның бетінен қақ­па, белін бу» дегендей, әрине біз ұсыныс білдірген жастарды өз қатарымызға қосуға тырысамыз. – Еліміздегі дарынды жастарға қан­дай қолдау көрсетіліп жатыр? Осы бағыт­та арнайы жоба ұйымдастырылуы мүм­кін бе? – Дарынды жастарға қолдау көрсету үшін мем­лекеттен арнайы гранттар бөлініп, жо­­балар жасалып жатыр. «Жастар Рухы» да шетте қал­май, таланттарымызға қолдау білдіруге ты­рысады. Атап айтсақ, жыл сайын ұйым­­дас­ты­рылатын Jastar Otanga! пре­миясы. Оның ая­сын­да республика көле­мінде түрлі сала бойы­нша номинациялар қарас­тыры­лып, жеңім­паздарға арнайы жүлде қоры бөлінеді. Сондай-ақ біз өнерпаз домбырашыларды қол­дау мақсатында «Қасиетті дом­быра» республикалық байқауын жарияладық. Оны өткізудегі басты мақсат – қазақ мәде­ние­тінің қазынасы ретінде домбыраның құн­ды­лы­ғын сезіну және жастардың ұлттық құн­ды­лықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай және бағалы сыйлықтар қарастырылады. «Дом­бырадағы ең үздік cover», «Үздік күйші» (төкпе күй), «Үздік күйші» (шертпе күй) номина­ция­лары бойынша 3 жеңімпаз анықталады. Әр номинацияда бірінші, екінші, үшінші орындар қарастырылған. Дода 14 қазан мен 14 қараша аралығын қамтитын болады. Ізденемін деген жас­тарға бизнес, стартап, IT, медиа немесе өнер саласы болсын, түрлі байқау ұйым­дас­тыры­лады. – Әңгімеңізге рақмет!

Серіктес жаңалықтары