Робот жасаудан рекорд орнатқан оқушылар

Робот жасаудан рекорд орнатқан оқушылар

Робот жасаудан рекорд орнатқан оқушылар
ашық дереккөзі
50614
Жуырда Женевада өткен робо­то­техника бойынша First Global Challenge бүкіләлемдік жарысында елі­міздің атынан сынға түскен Алматы қа­ласы физика-математика бағы­тын­дағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу­шылары жеңіспен оралды. 162 мем­лекеттің оқушылары қатысқан білім сайысында жасөспірімдеріміз бәрінен оза шауып, балдық көрсеткіші бойын­ша қатарынан үш рет алдыңғы орынды бер­мей, рекорд орнатты. Осылайша, біздің балалар дүниежүзілік жарыста бірнеше номинация бойынша мара­патталды. Атап айтсақ, үздік ойын көр­сеткені үшін Al Kharazwi номинациясын, өз­ге командаларға көмек көрсеткені үшін беріл­е­тін марапат – Safety Award но­ми­на­циясын, сонымен қоса аталған жарыс төре­шілерінің дәстүрлі түрде ең үздік құрас­тырылған робот үшін берілетін Judges award марапаты мен турнирдің басты жүл­де­сі – Grand challenge award марапатын иеленіп, еліміздің мерейін асқақтатты.  width= Оқу-ағарту министрі Асхат Ай­мағамбетов оқушыларды жеңісімен құттықтап, оларды дүние­жү­зілік додаға дайындаған жетек­ші­леріне, ата-аналарына алғыс айтты. «Республика күні қарсаңында біз­ді жақсы жаңалықпен қуант­тыңыз­дар. Өз жетістіктеріңіз арқы­лы басқа балаларды ынталандыра­тын­дарыңызға сенімдімін. Сондай-ақ қолдау көрсеткен мұғалімдерге, же­текшілерге және дарынды бала­лар­дың ата-аналарына алғыс айта­мын», – деді министр. Осы орайда білім сайысында топ жарып, елімізге жарқын жеңіс сыйлаған оқушылар мен олар­дың жетекшісі жарыстан алған әсе­рімен, алдағы жоспарымен бөліскен еді.  width= Бекзат ӘМІРТАЙҰЛЫ, жетекші:
– Еліміздің жас робототех­ник­те­рі әлемдік турнирде 160 мемлекет­тің арасынан топ жарғаны барша­мыз­ға қуаныш сыйлады. Бұл турнирге алты айға жуық уақыт дайындалдық. Оқушы­ларым­ның ұйымшыл болып, 160 мем­лекеттің командасы арасында өзара бақталастыққа бармай, өзге де ко­мандаларға көмектескені таңға­лар­лық жағдай. Сонымен қатар ба­ла­­лардың өзге мемлекетте ұлттық киі­мімізді киіп, көк байрағымызды жел­біретіп жүргені көңіл қуантты. Балалар алдымен республи­ка­лык жарысқа 1 ай дайындал­ды. Республикалық жарыста жеңіске жеткеннен кейін әлемдік сайысқа әзір­ленді. Оқушыларым – 7-сынып­тан бері робототехника жасап жүр­ген балалар. Тәжірибесі бар. Олар бұ­дан бұрын да өткен жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген. Міне, осы жолы әлемдік жарыста өздерін мойын­датты. Республикалық жа­рыс­та қарапайым робот жасаған бо­ла­тын. Робот жай жүрді, мықты де­ген­де 15 допты ғана ала алатын. Жа­рыста еш жерінен ақау байқал­ма­ды. Осыдан кейін республикалық жа­рысқа қатыскан роботтарға тал­дау жасап, әлемдік жарысқа қандай робот жасайтынымызды ойластық. Әрине, ол тез жүріп, өзіне көп шар алуы керек. Үшінші қабатқа көте­рілуі қажет. Ең бастысы, жарыста сын­байтындай болуға тиіс. Өйткені ро­бот қанша күшті болса да, жарыс­та сынып қалса, бәрі бекер. Роботты жинау, оны басқара білу шеберлікті, тапқырлықты, сонымен қатар білім мен шапшаңдықты талап етеді. Жарысқа сәттілікке сеніп, жай бара салуға болмайды. Істейтін жұмысың­ның басынан аяғына дейін ойлас­тыруың керек. Оқушыларым респуб­ликалық жарыста үздік шыққаннан кейін арқаны кеңге салмай, әлемдік додаға дайындалды. Енді дүние­жүзі­лік жарыста жеңіп, рекорд орнатып кел­сек те, еркінсімей, ары қарай жұ­мыс істейміз. Алда үлкен жарыс­тар бар, соған дайындаламыз.
 width= Эльнур ХАЛМЕТОВ, 12-сынып оқушысы:
– Біз республикалық жарысқа жаз­дан бастап дайындалдық. Қыр­күйек­тің басында қатысып, жеңіске же­тіп, дүниежүзілік сайысқа жол­да­ма алдық. Міне, одан да жеңіспен ора­лып отырмыз. Жалпы, робот құрастыру көп уа­қытты алады. Оны құ­рас­­тыру алдында біз роботтың әр бө­лігін қалай жасайтынын жоспар­лап, тестілеуден өткіземіз. Соңында бар­­лық бөлікті роботқа қойып, оны то­­лығымен тексереміз. Біздің робо­тымыз ойын алаңында шашыраған доптарды жинап, оларды ойын алаңының шетінде тұрған комп­рес­сор­ларға түсіре алады. Матчтың соңын­да ойын алаңының ортасында тұр­ған платформалардың ең жоға­ры­сына мінеді. Жарыста жеңімпаз атанып, көк Туымызды көтеріп, ор­­­таға шыққан кезде керемет сезімде болдым. Әлемнің алдында еліңнің ең үздік екенін көру – сөзбен айтып жеткізе алмайтын әсер. Болашақта mechanical engineering немесе electrical engineering оқып, елімнің дамуына үлес қосатын маман болғым келеді.
 width= Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМ, 10-сынып оқушысы:
– Дайындығымыздың жартысы роботты құрастыруға, ал қалғаны роботты тестілеуге жұмсалды. Негізі, робот құрастыру аса қиын емес, бірақ уақытты көп алатын процесс. Роботты толықтай жасау үшін алдымен Fusion 360 бағдарламасында әрбір деталін, дизайнын қарас­ты­рып, құрастыру керек. Содан кейін ар­найы материалдар арқылы ро­бот­тың каркасын салып, электронды құрал­дарды қою қажет. Біздің роботымыздың басты ерекшелігі – ойын барысында carbon деп аталатын доптарды көп мөлшерде жинап, ұпай жинауы. Біз жеңімпаз болғанда, ең­бе­гі­міздің ақталғанына қуандым. Қазақтың туын Женевада желбірет­кен қандай бақыт! Ерекше патриот­тық сезім сыйлайды екен. Бізді ро­бо­тотехникаға үйретіп, әрдайым қол­дау көрсетіп отырған жетекшіміз Бек­зат ағайға алғыс айтамын. Бола­шақ­та мықты IT маманы және жа­сан­­ды интеллект саласындағы researcher, яғни зерттеуші болғым ке­леді. Әлемдік ғылымға үлесімді қо­сып, жаңа технологияларды жа­сап табуға ниеттімін.
 width= Марғұлан ТҰРҒАНБЕК, 11-сынып оқушысы:
– Робот құрастыру процесі күр­де­лі. Оның мінсіз жұмыс істеуі және берік болуы өте маңызды деп айтар едім. Әр тапсырма үшін бірнеше ше­шім бар. Олардың әрқайсысын тек­серіп, ең жақсысын таңдау керек. Бұл көп уақытты алады. Әрине, жеңіс­ке жеткенде мақтаныш сезімі бол­ды. Өйткені біз осыған көп уа­қыт пен күш жұмсаған едік. Бұл жеңіс­ке толықтай лайықтымыз деп ой­лаймын. Болашақта mechanical design engineer мамандығы бойын­ша білім алып, елімізде робототе­х­ни­ка саласын дамытуға ары қарай үлес қосқым келеді.

Дайындаған Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары