Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті

Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті

Қарақат Әбден республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі
50310
Бүгін Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Республикалық сайлауалды штабында жұмыс жүргізіп, үгіт-насихат науқанының барысымен танысты.
«Үміткер сайлауалды жұмыс сапарымен ел өңірлерін аралап жүр. Бүгінге дейін сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізілді. Қосшы, Қарағанды, Екібастұз, Павлодар, Семей, Талғар, Есік, Ақтөбе қалалары қамтылды. Сондай-ақ ауылдар мен аудандар да назарсыз қалмады. Бұдан бөлек, Қарақат Әбденнің сенімді өкілдері мен жергілікті штаб басшылары да үгіт насихат-жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Жалпы, республика бойынша үміткердің 20 сайлауалды штабы бар, 2000-ға жуық ерікті жұмылдырылды. Үлкен аудан орталықтарында да штабтар жұмыс жүргізуде», - деп жеткізді республикалық штаб басшысы Арман Оразқұлов.
Алдағы уақытта оның Қызылорда, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.  

Серіктес жаңалықтары