50283
Шахтинск қаласында қаза тапқан кеншілерді ақтық сапарға шығарып салды
Шахтинск қаласында қаза тапқан кеншілерді ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтті. Марқұмдардың туыстары мен жақындары оларды соңғы сапарға шығарып салды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтадағы апат кезінде қаза тапқан бес кенші жерленді. Туыстары мен жақындары, әріптестері және қала тұрғындары марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қараша, түнгі сағат 3.03-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газы жарылған. Апат кезінде шахтада жер астында 106 адам болған. 101 адам эвакуацияланды, бес адам қайтыс болды, төрт адам ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санавиация бригадасы зардап шеккендердің жағдайы бойынша ТЖ орнында консилиум құрып, екі кенші Қарағандыға жеткізіліп, ота жасалды. Кейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін атады. Оның айтуынша, газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде метанның кенеттен шығуы орын алған.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның барлық сегіз шахтасы бір тәулікке тоқтатылды.
Кейінірек қайтыс болғандардың есімдері белгілі болды.