50269
Шымкенттегі «Хэллоуинда» акцияға жиналған жұрт бірін-бірі таптап жатыр
Шымкенттегі «Хэллоуинда» акцияға жиналған жұрт бірін-бірі таптап жатыр
Шымкентте спорт киім дүкенінің иесі акция ұйымдастырып, тұрғындардың арзан дүниеге жаппай жиналғаны видеоға түсіп қалды. Қазіргі таңда дүрбелең тудырғаны үшін дүкен иесіне айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі мен Telegram-арналарда арзан бағаға байланысты дүкен алдында тұрғындардың жаппай жиналғаны бейнеленген видеолар жарияланып жатыр.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 5 қарашада Тәукехан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорт киімдерін арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған.
«Осыған байланысты жергілікті тұрғындар жаппай жиналды. Соның салдарынан мекеменің ашылуы кезінде адамдар қысылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін Еңбекші аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері дүкен иесінің кім екенін анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Қаракөзова.Шымкент полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға туралы белгілі болған бойда учаскелік инспекторлар жетіп, кешке дейін сауда үйінің аумағында тәртіпті қамтамасыз етті.