Павлодарда із-түзсіз жоғалған 30 адам іздестіріліп жатыр

Павлодарда із-түзсіз жоғалған 30 адам іздестіріліп жатыр

Павлодарда із-түзсіз жоғалған 30 адам іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
50251
Із-түзсіз жоғалған 30 адам туралы ақпарат Павлодар қаласының іздеушілері "Vita" қоғамдық ұйымының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Іздеудегілердің барлығы әр жылдары, көбісі жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Павлодар қаласының іздеушілері «Vita» қоғамдық ұйымы із-түзсіз жоғалған 30 адамды іздестіріп жатыр. Өкінішке орай, жыл сайын хабарсыз кеткендердің тізімі көбейіп келеді. Бұл адамдардың барлығы әртүрлі уақытта, әртүрлі жағдайда жоғалып кетті, бірақ оларға ортақ бір дүние бар: оларды үйде туыстары мен жақын адамдары күтіп отыр. Достар, мына суреттерге қараңдаршы. Бұл адамдар әлі табылған жоқ. Бірақ бәрі жақсы болады деп сенеміз және олар өздерін жақсы көретін және күтіп отырған адамдарға міндетті түрде оралады деген үміт бар» деп жазды еріктілер.
33 жастағы павлодарлық Виктор Конев 2008 жылдың қазанында жұмысқа кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ, 2017 жылдың ақпанында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 2000 жылғы Дмитрий Кривошеевтің қайда екені әзірге белгісіз. Ол жоғалған кезде 16 жаста болған. Сол жылдың шілдесінде Павлодар облыстық әскери комиссариатының дабылшысы, 26 жастағы Марат Бегалинов Ақсудағы достарына қонаққа барып, темекі шегуге аулаға шығып, қайта оралмаған. 2017 жылдың қазанында Павлодар облысында Омбы облысы Любино ауылының тұрғыны 1976 жылы туған Сергей Алексеев жоғалып кеткен. 2016 жылдың наурыз айында Павлодар қаласының тұрғыны 1992 жылы туған Райгүл Темірғалиева үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазір Павлодар облысында із-түзсіз жоғалған 34 жастағы екібастұздық Денис Покотиленкіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 13 қазанда ер адам баласын балабақшаға апарып, қайта оралмаған. Полицейлер, еріктілер және жоғалған азаматтың жақындары бірнеше күн іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еріктілер із-түзсіз жоғалғандардың қайда екені туралы білетін кез келген адам 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуын сұрады.

Серіктес жаңалықтары