50313
«Дұғада болайық»: боксшы Айдос Ербосынұлы комаға түсті
«Дұғада болайық»: боксшы Айдос Ербосынұлы комаға түсті
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ем қабылдап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап.
TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы мәлімет таратты. «ҚазАқпараттың» жазуынша, спортшы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комада жатыр.
Жекпе-жек 12-раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Төреші Тони Уикс жекпе-жекті тоқтатып, Моррельдің жеңісін нокаутпен санады.
Бұған дейін Айдос нокдаунға түскен болатын.
«TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз, сондықтан қосымша ақпаратты бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығын дұғада болуға шақырамыз», - делінген Fight Freaks Unite мәлімдемесінде.Айта кетейік, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Дэвид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы жас кубалық Дэвид Моррельге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңілгенін мойындады. Айдос Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді.