Адам саудасымен айналысқан өңірлер тізімі жарияланды

Адам саудасымен айналысқан өңірлер тізімі жарияланды

Адам саудасымен айналысқан өңірлер тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
50183
Қазақстанда адам саудасына байланысты құқықбұзушылық саны бір жылдың ішінде 37 пайызға қысқарды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ranking.kz порталының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына байланысты 81 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 37,2 пайызға аз. Қылмыстардың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болды: 44 жағдай. Ал бір жыл бұрын мұндай 75 құқықбұзушылық тіркелген еді. Тағы 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды. Өңірлер арасында адам саудасына байланысты құқықбұзушылықтар Шымкентте жиі тіркелді: 17 жағдай. Қалада өткен жылмен салыстырғанда мұндай құқықбұзушылық 2,1 есе көбейген. Екінші және үшінші орында Астана (13 құқықбұзушылық, бір жылда 18,2 пайыз) және Алматы (12 құқықбұзушылық, минус 40 пайыз) болды. Сонымен қатар алғашқы бестікке Қостанай (7 құқықбұзушылық, 40 пайыз) және Қарағанды (5 құқықбұзушылық, минус 28,6 пайыз) облыстары да кірді. Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген.  

Серіктес жаңалықтары