Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысы бойынша есеп берді

Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысы бойынша есеп берді

Сайлау-2022: Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысы бойынша есеп берді
ашық дереккөзі
50283
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының 16 күнінде алты өңірде болды: Астанада, Қарағанды ​​облысында, Ақмола облысында, Түркістан облысында, Шымкент және Алматы қалаларында халықтың түрлі топтарымен кездесулер өткізді. 16 күн ішінде штаб ұжымы қазақстандықтарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен жоспарларымен таныстыру үшін өте көп жұмыс істеді. Салтанат Тұрсынбекова өзін ел Президенттігіне кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.  width= Осы кезеңде штаб ұжымы мынау нәтижелерге қол жеткізді: - 7 000 шақырым жол жүрді - 6 өңірді аралады - 15 кездесу өткізді - 3 000-нан аса тұрғынды қамтыды - 20 өңірде штаб жасақталды - 279 қызметкер қабылданды - 279 билборд ілінді - 62 000 жарнамалық парақ таратылды - 205 000 плакат үлестірілді - 150 пост пен оның көрнекіліктері жарияланды - 5 байланыс арнасы: Facebook, Instagram, Telegram, Twitter, TikTok қамтылды - 62 500 оқырман қамтылды - 300-ден аса БАҚ-тағы жарияланымдар - 100 телевизиялық сюжет жасалды - медиадағы ақпарат рейтингінде 2-орын - кандидаттар арасындағы жағымды пікір рейтингінде 1-орын - 2 302 501 қаралым – әлеуметтік желілердегі жалпы аудиторияны қамту («Сайлау-2022» Telegram арнасының мәліметі бойынша) - жалпы, қамтылған аудитория саны – 2 356 000.
«Біз осы уақытқа дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кандидаттар арасындағы ең аз қаржы сомасын жұмсай отырып, ОСК ақпаратына сәйкес ең үлкен нәтижелі жұмысты атқарыппыз. Бізді қолдаған барлық азаматқа алғысымызды білдіргіміз келеді. Дәл осы қарқынмен әрі қарай жұмысымызды жалғастыра береміз. Бізді қолдап, дауыс беретін сайлаушыларымыздың үмітін ақтаймыз деп сенемін», - деді Салтанат Тұрсынбекова.
   

Серіктес жаңалықтары