Ресейдің халық әртісі қазақ тілін үйреніп жүр

Ресейдің халық әртісі қазақ тілін үйреніп жүр

Ресейдің халық әртісі қазақ тілін үйреніп жүр
ашық дереккөзі
50214
Астанаға келген Филип Киркоров есімді Ресейдің халық әртісі сахнада қазақша сайрай жөнелген деп жазды turkystan.kz. Ресейлік өнерпаздың қазақ тілінде көрермендерімен сәлемдескен сәті түсірілген видеоны блогер Дәулет Мұқаев жариялады.
«Астана, сәлем! Кеш жарық, қадірлі көрермен! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын», - деді әнші видеоға жазылған кадрда.
Бейнежазба 5 қараша күні елордада өткен концертте түсірілген.
«Өзіміз ғана сөйлемей жүрміз ғой сол... 10 қазақ болып, арамызға бір орыс қосылса орысша сөйлеп кетеміз! Өз елімізде қазақ тілінің мәртебесі бірінші болуы керек. Қазақ тілге деген сұранысты арттыру, талап ету өзімізден», - деп қосты Дәулет Мұқаев.
Жазбаға қатысты жазылған пікірлерге зер салсақ, бұл әнші ақша табу үшін ТМД-ға қарасты кей елдерде шығармашылық кеш ұйымдастырып жүрген көрінеді. Мәселен, бұған дейін Қырғыз Республикасына барып, сөз басын қырғызша бастаған. Сондықтан болар, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары мұны маркетингтің бір түріне жатқызған.  

Серіктес жаңалықтары