Мемқызметкерлер әлеуметтік желідегі әдепсіздігі үшін жазаланбақ

Мемқызметкерлер әлеуметтік желідегі әдепсіздігі үшін жазаланбақ

Мемқызметкерлер әлеуметтік желідегі әдепсіздігі үшін жазаланбақ
ашық дереккөзі
249

Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желілерде жарияланған әдепсіз әрекеттері үшін жазаланады. Осы уақытқа дейін тәртіптік жазаға тартылғандар да жоқ емес. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жасап отырамыз. Сол кезде сан алуан корпоративтермен отырыстарда мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз әрекеттері бар фотолар жан-жақты зерделенеді. Ол жайында бұқаралық ақпарат құралдарында да жазылады. Ондайда агенттік бірден тиісті шараларды қолға алып жатады», - дейді Шайымова.

Мәселен,өткен жылы этиканы сақтамаған 200-ге жуық мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Олардың ішінде жұмыстан қуылғандар да бар. «Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында жаға ұстатар бір жағдайдың болғанын бәрі жақсы біледі. Аудандық әкімдік деңгейіндегі лауазымды тұлғалар мас күйінде төбелес шығарған. Олардың біреуі жұмыстан шығарылса, екеуінің қызметі төмендетілді», - деп Шайымова нақты мысал келтірді.

Серіктес жаңалықтары