Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды
ашық дереккөзі
50255
Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алды деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ сайтына сілтеме жасап.  Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиісті құжаттар алынды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жұмыс жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Алматыда басталатын жиынға шақырту туралы шешім қабылдады. Исламхан Қазақстан құрамасына алғаш рет 2012 жылдың 29 ақпанында Латвияға қарсы жолдастық ойында алаңға шықты. Ұлттық құраманың қатарында 46 ойын өткізіп, үш гол соққан. Бауыржан соңғы рет Қазақстан құрамасында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь командасына қарсы ойнады.

Серіктес жаңалықтары