Ирандық футболшы өлім жазасына кесілді

Ирандық футболшы өлім жазасына кесілді

Ирандық футболшы өлім жазасына кесілді
ашық дереккөзі
50342
Иран ұлттық құрамасының экс-футболшысы Али Даеи өлім жазасына кесілді деп хабарлады turkystan.kz. Ол Махсы Аминидің қазасына байланысты наразылық акцияларына қатысқан деп айыпталып отыр. Шетелдік БАҚ қазір қамауда отырған Даеиден басқа тағы 15 мың адам өлім жазасына кесілгені туралы хабарлады. Футболшы қазан айының басында Саггыз қаласында ұйымдастырылған акцияға қатысқаны үшін ұсталып, кейін түрмеге жабылған. Бавария (Германия) клубы өзінің ресми сайтында бұрынғы футболшылары Али Даеи мен Али Каримидің тағдырына алаңдаушылық білдірген. «Біз Германияның Ирандағы елшілігімен байланысып, қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл мәселені назарда ұстаймыз» деп жазылған хабарламада. Еске салайық, Али Даеи Иран құрамасы сапында 109 гол соғып, 2021 жылға дейін әлемде ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан футболшылардың рейтингін бастаған. Сол жылы оның рекордын Кришитиану Роналду жаңартты. Айта кетейік, Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін тәртіп сақшылары ұстаған 22 жастағы Махсы Аминидің өлімінен туындаған толқулар қыркүйекте басталған. Тегеран наразылықтар кезінде елде әлеуметтік желілер мен интернетке шектеу қойды. Шерушілерді күштеп таратты. Жергілікті құқық қорғаушылар оқиғалар кезінде 185 адам қаза тапқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары