Атырауда автогаз тапшылығы сезіле бастады

Атырауда автогаз тапшылығы сезіле бастады

Атырауда автогаз тапшылығы сезіле бастады
ашық дереккөзі
50215
Екі-үш күннен бері көгілдір отынды газ құю бекеттері тек талонмен  сатып жатыр. Кейбірі тіпті жабылып қалған деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Себебі, Атырау мұнай-газ өңдеу зауытында жөндеу жүргізіліп, кәсіпорын өндіріс көлемін 35 пайызға қысқартыпты. “Екі-үш бекетке бардым, газ жоқ. Бізге, қарапайым халыққа бензин емес, газ тиімді ғой. Реттеледі деп ойлаймын”, – дейді жүргізуші Әдижан Әубекер. Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты қараша айының басында ішкі нарыққа тәулігіне 90 тонна сұйытылған газ шығарып отырған. Бір апта өтпей, оның мөлшері тағы 60 тоннаға түскен. Осыдан кейін өңірде автогаз тапшылығы туған. Жалпы, Энергетика министрлігінің  бекіткен шешімі бойынша осы айда кәсіпорын Атырау облысының өзіне 5744 тонна газ сатуы керек болған. Алайда өндірістегі жөндеу жұмысына байланысты сұранысты уақтылы орындай алмай жатқан көрінеді. Ал жергілікті билік сұйық отын тапшылығын шешу үшін көршілес Ақтөбе облысынан газ жеткіземіз деп отыр. “Екі-үш күнде Gas Processing және "Қазақойл Ақтөбе" мекемесінен 1100 тонна алуға министрлікпен келіссөз жүргізіліп жатыр. Сұйытылған мұнай, газ бір аптаға жеткілікті. Мұнай өңдеу зауытының жұмысын қарашаның соңына дейін аяқталу жоспарланған”, – дейді Атырау облысы Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Мұқашов.

Серіктес жаңалықтары