Депутатқа Қазақстан туы жабылған жылқы берілген – әкімдік пікірі

Депутатқа Қазақстан туы жабылған жылқы берілген – әкімдік пікірі

Депутатқа Қазақстан туы жабылған жылқы берілген – әкімдік пікірі
ашық дереккөзі
50769
Атырау облысы Құрманғазин ауданында аудандық мәслихат депутатының 63 жылдық мерейтойына жылқы сыйға тартылған. Осыдан кейін туған күн иесі қатаң сынға ұшырады деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде мемлекеттік туға «оралып», шенеунікке жасалған ерекше сыйлық қызу талқыланып жатыр. Жағдайға қатысты облыс әкімдігі пікір білдірді.
«Бұл сыйлық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғындары атынан жасалған. Туған күн иесіне құрмет ретінде атқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының элементтері бар арнайы жабу жабылған. Айта кетейік, бұл жабу зоодүкеннен сатып алынған», - деді әкімдік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары