«ҚазАгроҚаржы» жаңа агротехнологиялар көрмесінде өз қызметін ұсынды

«ҚазАгроҚаржы» жаңа агротехнологиялар көрмесінде өз қызметін ұсынды

«ҚазАгроҚаржы» жаңа агротехнологиялар көрмесінде өз қызметін ұсынды
ашық дереккөзі
50222
«AgriTekShymkent-2022» халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өңірде тоғызыншы рет өтуде. Көрменің басты мақсаты – қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне заманауи ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін көрсету деп хабарлады turkystan.kz. Шымкенттегі көрме орталығына Корея, Ресей, Түркия және Қазақстаннан 50-ден астам қатысушы жиналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ауылшаруашылық техникасын өндірушілер көрмеге келушілерді техникаларымен және өз өндірісінің жабдықтарымен таныстырды. Сонымен қатар, көрме қатысушылары жаңа суару және тыңайтқыш технологияларын, заманауи жылыжайларды, тұқымдар мен көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдары мен асыл тұқымды мал шаруашлығына арналған  технологияларын көрсетті. «AgriTekShymkent-2022» көрмесі «TNT EXSPO» халықаралық көрме компаниясы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Қазақстан құс өсірушілер одағының қолдауымен өтті. Көрменің ресми серіктесі – «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы.  width= Салтанатты жиынның ашылуында сөз алған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов мұндай ауылшаруашылық көрмесінің шаруаларға тигізер пайдасы мол екенін жеткізді.
«Әр өңір инновациялық технологиялардың көрсетуі керек. Мұнда бірнеше шетелдік компанияның қатысуы арқылы нанотехнологиялар көрсетіліп жатыр.  Бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін аса маңызды басқосу болмақ. Жергілікті мамандар осынау жаңашылдықты дамыған мемлекеттерден үйрене отырып, өз шаруашылықтарында және егіс алқаптарында тәжірибеде қолданып, жүзеге асыра алады. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Мәселен, «Бәйтерек» холдингінде ауыл шаруашылығын қолдауға жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде мемлекет тарапынан берілетін субсидиялардың бірнеше түрі бар. Бұл қызметтің үйлестірушісі -  «ҚазАгроҚаржы» АҚ», - деді министрлік өкілі.
Ал, Шымкент қаласы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров көрмеде өңір шаруалары тың технологияларды пайдаланып, олармен байланыс орнатып өндірістік қуатын ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыратынын сөз етті. Шаруалар мен ауылшаруашылық техникасын өндірушілері шаруашылығын одан әрі ұлғайтып, еліміздің экономикасына үлес қосқысы келсе, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы өкілдерінен кеңес ала алады. Көрмеге жиналған тауар өндірушілер мен шарулараға «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы филиал мамандары компанияның қызметтері туралы хабардар етті.  Қазақстандағы ең қолайлы қаржыландыру бағдарламасын таңдауға көмектесті.  width= «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы - сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтерді ұсына отырып, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыруға өз үлесін қосып келе жатқан бірден-бір қаржылық ұйым.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Алтынбек Нышанов 2000 жылдан бері облысқа 62 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылғанын атап өтті. «Ұсынылған инвестиция облыстың агроөнеркәсіп кешенін табысты дамытуға мүмкіндік беріп, еліміздің өнім базасының өсуіне ықпал етті», - деді ол.
Жалпы, 2000 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 1 триллион теңгеден астам сомаға 68 мыңнан астам техника сатып алуды қаржыландырған. Ал, биыл 156,6 миллиард теңгеге 6 264 техника  лизингке алынған.  «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобына кіреді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Серіктес жаңалықтары