Петропавлда науқас балалар тастай суық ауруханада жатыр

Петропавлда науқас балалар тастай суық ауруханада жатыр

Петропавлда науқас балалар тастай суық ауруханада жатыр
ашық дереккөзі
288

Петропавл қаласында жылу жолындағы апат салдарынан балалар ауруханасы мен бірнеше көпқабатты үй жылусыз қалды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Кеше, 15 қаңтар күні кешке Мұқанов және Пушкин көшелері аумағында жылу жолындағы құбыр жарылған. Қайнаған су бірнеше көшені басып, облыстық балалар ауруханасына жолды бөгеп тастады.

Апат орнына "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ апаттық қызметі аттанды. Қазіргі уақытта оқиға орынында апаттық бригадалардың 20 адамы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Петропавлда ауа райы күндіз -15 градустан, ал түнде -22-24 градустан көтерілмей тұр. Sputnik Қазақстанға "Петропавл жылу желілері" ЖШС бас директоры Игорь Рыбас хабарланғандай, апаттың себебі 320 миллиметрлік шіріп кеткен құбыр болған. "18.00 шамасында жылу жолында апат болды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Апаттық учаскені кесіп тастап, жақын уақытта ауруханаға, содан кейін үйлерге жылу беруге тырысамыз", — деді ЖШС басшысы.

Серіктес жаңалықтары