Боксшы Гүлсая Ержан Азияның күміс жүлдегері атанды

Боксшы Гүлсая Ержан Азияның күміс жүлдегері атанды

Боксшы Гүлсая Ержан Азияның күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
50191
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан күміс жүлдегер атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта финалда аса тәжірибелі үндістандық Савитимен шеберлік байқасты. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Савитиге берді. Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен қорытындылады. Бұл – жақсы нәтиже. Ертең ерлер арасында тоғыз қазақстандық боксшы алтын жүлдені сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары