50576
«Терезені сындырған»: Павлодарда алтын мен мылтық ұрланды
«Терезені сындырған»: Павлодарда алтын мен мылтық ұрланды
66 жастағы қала тұрғыны полицияға пәтерінен бірнеше зат жоғалғаны туралы шағыммен жүгінген деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам пәтерінен терезені сындыру арқылы алтын сақинасы мен күзен бас киімін, телефон және металл сейф ұрланғанын мәлімдеген.
- Сейфте МЦ 20-01 20 калибрлі тегіс бір ұңғылы аңшылық мылтығы болған. Тексеру барысында ер адамның атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар екендігі анықталды, - деді департаменттегілер.Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында бұрын сотталған 30 жастағы павлодарлықты анықтап, ұстады. Полиция қызметкерлері ұрланған мылтық пен телефонды алды, ал қалған заттарды ер адам бейтаныс адамдарға сатқан.