«Жәнібек Әлімханұлы қазіргі бапкерінен кетуі керек» – спорт журналисі

«Жәнібек Әлімханұлы қазіргі бапкерінен кетуі керек» – спорт журналисі

«Жәнібек Әлімханұлы қазіргі бапкерінен кетуі керек» – спорт журналисі
ашық дереккөзі
50226
Спорт журналисі Серік Ноян Жәнібек Әлімханұлының бүгінгі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жәнібек рингте өте сезімтал, аяқпен жақсы қимылдайды. Қорғанысы тас қамал деу ерте. Бірақ соққыны көреді, жалтара алады. Жұдырығы тастай, тисе құлатады. Сол қол жағы көбіне ашық қалады. Қарсыласы осы тұстан соқса қауіпті. Қазіргі бапкері Джеймс «Бадди» МакГирттен кету керек. Ол Жәнібектің бойындағы бар қабілетін ала алмауда. Бес қаруын толық сайлап бере алатын бапкер керек. Әсіресе, жан-жақты соққылар, апперкот, түрлі бұрыштан жасалатын шабуылдар жетіспейді. Жәнібек өзі аңшы сияқты, жемтігін көрсе арқасы қозып, алға ұмтылады (осы тұста сақтықты ұмытпаса).  Жәнібек  29 жасында чемпион атанды. Бабы келіссе, бағы шауып орта әрі супер орта салмақты дүркіретеді әлі. Оған әмбебап болу үшін уақыт керек. Енді орта салмақтағы екі мықты үміткерді ұтса, Андраде, Юбенк, Мунгуяларға шыдас бермес шебер атанады. Жәнібек – қазақ кәсіби боксының жаңа тынысы. GGG кеткен соң ізін басар осы жігіт. Жолың жарқын болсын!» - деді журналист.

Серіктес жаңалықтары