50199
Ыстамбұлдағы жарылысты әйел жасауы мүмкін – вице-президент
Ыстамбұлдағы жарылысты әйел жасауы мүмкін – вице-президент
Жаяу жүргіншілерге арналған Истикляль көшесінде болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақат алды. Төтенше оқиға орнына жеткен полиция жасақтары көшеде қауіпсіздік шараларын қабылдады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция зардап шеккендердің кейбірі жеткізілген Таксим зерттеу және оқу ауруханасы маңында қауіпсіздікті күшейтті.
Жарылыс болған аумақта жедел-тергеу тобы жұмысты аяқтады. Полиция Истикляль көшесі мен Таксим алаңын көлік пен жаяу жүргіншілер үшін жапты. Таксим Джумхуриет көшесіндегі Сисли-Тарлабаши бағытындағы жерасты өткелі мен Таксим бағытындағы Ункапани (Ататүрік) көпірі де көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды.
Индонезияға сапарының алдында жиналыс өткізген президент Ердоған: «Мүмкін, бұны терроризм деп айтқан дұрыс емес шығар, бірақ губернатордың берген оқиға туралы алғашқы ақпараттары күдігімізді растай түседі», - деді.
«Қазіргі уақытта шабуылды әйел жасады деген болжам бар», - деді Түркия президенті.Ал вице-президент Фуат Октайдың айтуынша, осы уақытқа дейін 6 адам қаза тапты, оның 4-еуі оқиға орнында қаза тапса, 81-і жарақат алды. Олардың екеуі - ауыр халде.
Октай президент Ердоғанның сөзін қуаттап: «Біз әзірге жарылысты әйел жасады деген ойдамыз және террорлық әрекет деп есептейміз», - деді.Айта кетейік, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 16:30-да Таксимдегі Истикляль көшесінде болған. Бұл - түнгі клубтар мен мейрамханалар бар, адам нөпірі көп сауда аймағы. Ол «Республика» монументі бар алаңның айналасында орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер жиі болады. Истикляльдың басты жаяу жүргіншілер бөлігінде ХІХ ғасырдағы әйгілі брендтердің кинотеатрлары, кафелері мен дүкендері орналасқан. Мұнда ескі қызыл трамвайлар да жүреді.