Түркиядағы бас консулдық қазақстандықтардан сақ болуды сұрады

Түркиядағы бас консулдық қазақстандықтардан сақ болуды сұрады

Түркиядағы бас консулдық қазақстандықтардан сақ болуды сұрады
ашық дереккөзі
50267
Кеше, 13 қараша, 16:20-да Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53-і жарақат алды. Осы орайда, Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы отандастарымызды сақ болуға шақырды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Ыстамбұл губернаторлығының мәліметінше, жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе, адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді. Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары