Жаңаөзенде алғаш рет республикалық марафон өтті

Жаңаөзенде алғаш рет республикалық марафон өтті

Жаңаөзенде алғаш рет республикалық марафон өтті
ашық дереккөзі
50279
Жаңаөзен қаласында 10 және 21 км арналған жартылай марафон өтті деп хабарлады turkystan.kz. Спорттық шара «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен, «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Марафонға Астана, Алматы, Қызылорда, Орал, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан, барлығы 400-ге жуық спортшы қатысты.  width= 10 шақырымда ерлерден Еркебұлан Аташов (40.14 с) І орынға, Жарас Айтуаров (42,06 с) ІІ орынға, Руслан Орынбасаров (43,06 с) ІІІ орынға ие болды. Әйелдер категориясы бойынша Айгерім Құлатаева (52,22с) І орынға, Айгүл Джиенбетова (55,02с) ІІ орынға, Татьяна Елеференко (57,24 с) ІІІ орынға лайық деп танылды. 21 шақырымда Аман Нұркелді (1 сағ, 12 мин) І орын, Архат Исенгалиев (1 сағ, 26 мин) ІІ орын, Руслан Арипов (1 сағ, 28 мин) ІІІ орын алды. Әйелдер арасында І орынды Александра Бекишева (1 сағ, 54мин), ІІ орынды Жадыра Иманбаева (1 сағ, 54 мин), ІІІ орынды Елена Кузочкина (1 сағ, 59 мин) жеңіп алды. 10 шақырымдық жүгіруден І орынға жеңімпаздарына 100 мың теңге, ІІ орынға 75 мың теңге, ІІІ орынға 50 мың теңге сыйақы мен дипломдар берілді. Ал, 21 шақырымды бағындырған үздіктерге 150 000, 100 000, 75 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде тарту етілді. Барлық қатысушыларға арнайы медальдар табысталды. Марафонның жоғары деңгейде өтуіне Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі де қолдау көрсетті.  width=  width=  width=  width=

Серіктес жаңалықтары