Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
ашық дереккөзі
50321
14 қараша сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде шақырту түсті деп хабарлады turkystan.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. ПД-нің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты.
«Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда» деп жазды ведомстводан.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.

Серіктес жаңалықтары