Өрт сөндіріп жүргенде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына баспана берілді

Өрт сөндіріп жүргенде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына баспана берілді

Өрт сөндіріп жүргенде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына баспана берілді
ашық дереккөзі
50360
Семей қаласында өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер берілді деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап. Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Азия Фирма» ЖШС бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетіні туралы қыркүйекте айтқан еді. Араға 2 ай өткен соң «Фирма Азия» ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов «Қарағайлы» ықшамауданынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстады. Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Абай облысы Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапты. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы мен жары қалды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Айдос Тоғызбаевтың отбасына Президент атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.

Серіктес жаңалықтары