50222
Қостанайдағы өртке кінәлі бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілінді
Қостанайдағы өртке кінәлі бірнеше лауазымды тұлға күдікке ілінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойынша тергеу жұмыстары туралы мәлімет берді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қостанай облысындағы өртке қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда», - деді Төтенше жағдайлар министрі.Айта кетейік, қыркүйек айында Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында орман өртенген еді. Бірнеше күнге жалғасқан өрт салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды. Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841, Бағаналы және Қазанбасы елі мекендерінен 250 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Сонымен қатар Аманқарағай ауылында 98 үй өртеніп кетті. Қазіргі таңда тілсіз жау салдарынан баспанасынан айырылғандарға үй салынды.