Елімізде шай бағасы 18,3%-ға қымбаттады

Елімізде шай бағасы 18,3%-ға қымбаттады

Елімізде шай бағасы 18,3%-ға қымбаттады
ашық дереккөзі
50502
Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда шай бағасы 18,3 пайызға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында қара шайдың келісі орташа есеппен 4 434 теңгеден сатылды деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Астанадағы сауда нүктелерінде шайдың бір келісі 4725 теңгеге сатылуда. Сондай-ақ Қызылорда (4 638 теңге/кг), Шымкент (4 626 теңге/кг), Алматы (4 597 теңге/кг) және Ақтауда (4 466 теңге/кг) өнім құны өскен. Шайдың ең арзан бағасы Жезқазғандағы бөлшек сауда дүкендерінде байқалды – 3 943 теңге/кг. Қазақстандықтар бір қорап шайға (250 грамм) орта есеппен 1108 теңге төлейді. Жалпы, қазақстандықтар айына шамамен 127 грамм шай тұтынады. Елімізге қара шай Қытай, Үндістан, Иран, Шри-Ланка, Пәкістан, Түркия, Вьетнам, Кения және Угандадан импортталады.

Серіктес жаңалықтары