Тоқаев: «Президент – жалдамалы менеджер»

Тоқаев: «Президент – жалдамалы менеджер»

Тоқаев: «Президент – жалдамалы менеджер»
ашық дереккөзі
50183
Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде айтты деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Сондықтан, Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары