50205
Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті
Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті
Қарағанды облысында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«17 қарашада сағат 06:15-те Қарағанды облысының Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас - ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.Бұл учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, рельстен шығу жекеменшік иелеріне тиесілі вагондардың ақаулығымен байланысты.