8 миллиардердің байлығы 3,6 млрд халықтың жағдайынан асып жығылды

8 миллиардердің байлығы 3,6 млрд халықтың жағдайынан асып жығылды

8 миллиардердің байлығы 3,6 млрд халықтың жағдайынан асып жығылды
ашық дереккөзі
307

Әлемде байлар мен кедейлердің теңсіздігі артып барады. Биыл  дүние жүзіндегі сегіз мультимиллиардердің байлығы ғаламшардағы 3,6 миллиард халықтың жалпы жағдайынан асып түскен деп хабарлайды centralasian.org.

Кедейшілікпен күрес жөніндегі Oxfam ұйымының баяндамасында келтірілген мәліметке сәйкес, әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық рекордтық деңгейге жеткен. Дәулетті адамдардың байлығының 1 пайызы жер бетіндегі адамдардың 50 пайызының дүние-мүлкіне сәйкес келеді.

Өткен жылғы зерттеу нәтижесі басқаша болатын: 62 ең бай адамның меншігіндегі дәулет 4 миллиард адамның жағдайына тең болған. Бұл мәліметтер негізінен Үндістан және Қытайдан келген ақпараттар негізінде жаңартылған. Баяндамада алғашқы триллионер таяу 25 жылдың ішінде пайда болуы мүмкін делінген. Бұл уақытта Жер бетіндегі әрбір оныншы адам күніне екі доллардан кем ақшаға өмір сүреді екен.

Ресейдің статистикасы бойынша, бұл елде 22 миллион адам кедейшілікте өмір сүреді.

Серіктес жаңалықтары