50277
«Қазақмыс» кенішінен ер адамның мәйіті табылды
«Қазақмыс» кенішінен ер адамның мәйіті табылды
«Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәйіт бүгін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іссапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болып шықты. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 шақырым қашықтықта орналасқан.
«17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.