24 тоннаға жуық алкогольді сатпақ болған Ақмола облысының тұрғыны сотталды

24 тоннаға жуық алкогольді сатпақ болған Ақмола облысының тұрғыны сотталды

24 тоннаға жуық алкогольді сатпақ болған Ақмола облысының тұрғыны сотталды
ашық дереккөзі
50198
24 тоннаға жуық алкогольді сатуға әрекеттенген Ақмола облысының тұрғыны сотталды деп хабарлады turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
«ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті алкоголь өнімдерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оқиға болған жерді қарау кезінде автокөлік тіркемесінен спирті бар сұйықтық толтырылған, әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, тәркіленген құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 27,5 миллион теңгеден асады. Сот үкімімен А.Т. Батжановтың қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары