Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды

Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды
ашық дереккөзі
50455
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне құтқарушылардың құрметіне мурал салынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Арт-нысан «Айнабұлақ» шағынауданындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінде пайда болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, муралға арналған тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Сондықтан ел құрметіне бөленген мамандық. Қабырғада кішкентай қызды жалыннан алып шыққан өрт сөндіруші – құтқарушы бейнеленген.
«Айта кетсек, ұқсас бейнелер, мүсіндер Төтенше жағдайларды жоюға да, олардың алдын алуға да қатысқан барлық құтқарушылардың ұжымдық бейнесі»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.
Жетісу Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Арман Мәкеновтың сөзінше, арт-нысан алыстан менмұндалап тұр.
«Муралды алыстан көруге болады, онда тек өрт сөндірушінің бейнесі ғана емес, сонымен қатар ТЖ болған жағдайда хабарласу қажет - «112» нөмірі бейнеленген. Муралдың мақсаты - тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру», - деп атап өтті Жетісу ТЖБ бастығы Арман Мәкенов.
Тақырыптық мурал халық арасында өрт-профилактикалық жұмыс аясында Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен және аудандық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп салынды. Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар департаментінде өрт сөндіруші-құтқарушылар мен жүргізушілердің 230-дан астам бос орны бар. Сондықтан жастарды азаматтық қорғау органдарына қызметкерлер қатарына тарту мәселесі өзекті.  

Серіктес жаңалықтары