Бішкектегі апат: 3-сынып оқушысы тұл жетім қалды

Бішкектегі апат: 3-сынып оқушысы тұл жетім қалды

Бішкектегі  апат: 3-сынып оқушысы тұл жетім қалды
ашық дереккөзі
288

Манас әуежайының маңында тұратын 3-сынып оқушысы өз отбасының түгел қаза тапқанын мектептен келген соң естіген. Оның жақындары Манас әуежайы маңында апатқа ұшыраған Boeing ұшағы үйіндісінің астында қалған деп жазады куәгерлердің сөзіне сілтеме жасаған kabarlar.org.

«Үшінші сынып оқушысы таңертең ерте тұрып, мектепке кеткен. Мектебі жақын маңдағы ауылда орналасқан екен. Оның отбасының барлық мүшесі үйінде болған және Boeing  ұшағының астында қаза тапты», – деді куәгерлер.

Оқиға орнына жедел жәрдем бірнеше рет келді. Өйткені, туыстарының ұшақ апатынан қаза болғанын үйлеріне келген соң көргендерге де көмекке мұқтаж болды.

Айта кетейік, 16 қаңтар күні таңертең Бішкек қаласындағы «Манас» халықаралық әуежайының маңында түркиялық ұшақ апатқа ұшырады. Түрік әуе компаниясының Гонконг-Бішкек-Стамбұл бағытымен ұшқан Boeing 747-400 жүк әуе кемесі ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырымда құлады. Ұшақ апатынан 35 адам қайтыс болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуежай маңында орналасқан ауыл ұшақ қирандыларының астында қалған. Салдарынан 38 үй жермен жексен болды.

 

Серіктес жаңалықтары