Қазақстандықтардың 67,85 пайызы дауыс берді

Қазақстандықтардың 67,85 пайызы дауыс берді

Қазақстандықтардың 67,85 пайызы дауыс берді
ашық дереккөзі
50214
18:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 67,85 пайызы дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, өңірлерде азаматтардың келу көрсеткіші төмендегі суретте көрсетілген.
дауыс
Фото: ortcom.kz
Шавкат Өтемісовтің мәлімдеуінше, 18:00-дегі жағдай бойынша, 8 108 668 азамат дауыс берген. Ол жалпы сайлаушылардың 67,85%-тін құрады. ОСК мүшесі шетелдік сайлау учаскелері жайлы да айтып өтті.
«Вашингтонда, Нью-Йоркте, Оттавада дауыс беру басталды. Сан-Францискода уақыт белдеуіне байланысты кешірек ашылады», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары