Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды

Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды

Қазақстандық оқушылар робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада 2-орын алды
ашық дереккөзі
50491
Қазақстандық оқушылар алғаш рет робототехника бойынша дүниежүзілік жарыста 2-орынға ие болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Жарыс Германияның Дортмунд қаласында өтті.
«Шымкент қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №26 мемлекеттік мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш жеңімпаз атанды. World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан - бұл олимпиаданың 2014 жылдан бергі қатысушысы. Биыл 73 елдің 365 командасы финалда үздік атаққа таласты» деп жазды министр.
Ал іріктеу кезеңіне бүкіл әлем бойынша 15 000 команда қатысты.

Серіктес жаңалықтары