Әзербайжан президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Әзербайжан президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Әзербайжан президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі
50468
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап. Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтар екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуда басты бағдар болатынын атап өтті. Мемлекеттер басшылары сондай-ақ қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен міндеттерді талқылады.

Серіктес жаңалықтары